Болашағымыздың жарқын болуы таңдаған адамымызға байланысты - сарапшы

17 Мамыр 2022, 15:41
2193
Бөлісу:
Болашағымыздың жарқын болуы таңдаған адамымызға байланысты - сарапшы

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  Қазақстан Республикасының адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» сараптамалық алаңының кезекті отырысында айтты.

Алдағы референдум мемлекеттің құқықтық жүйесін жетілдірудің маңызды кезеңі болмақ. Басты назар адамның негізгі құқықтары мен конституциялық тетіктердің жетілдірілуіне және олардың кепілдігі мен қамтамасыз етілуіне аударылады. 5 маусым Екінші республиканың басталу нүктесіне айналмақ. Ал оның маңызды элементі адам құқықтары жөніндегі бірегей институт Конституциялық Сот болады.

«КИСИ GPS» сараптамалық алаңының отырысында конституциялық өзгерістердегі азаматтар құқықтарының конституциялық өлшемдерін талқыланады. Конституциялық референдумға әр азаматтың қатысуы маңызды. Себебі бұл құқықтық мемлекеттің дамуына әсер етеді.

Жиын барысында Э. Әзімова алда өтетін референдумның маңыздылығына тоқталы, Конституциялық өзгерістерге барылғымыз қатысып, дауысымызды беруіміз керекпіз, деген ойын айтты.

Онда Констиутциялық өзгерістер ғана емес, болашақта қалай өмір сүретінімізді таңдаймыз. Референдумға барасыз ба деген сұрақ төңірегінде өткен сауалға тұрғындардың 70%-ы барамын деп жауап қатқан, бұл әлі де аз. Біз болмасақ та, біздің балаларымыз болашақта осындай референдумдарға қатысып, өз көзқарастарын білдіру үшін, яғни оларды тәрбиелеу үшін шығуымыз керек. Сондықтан барлығыңызды референдумға қатысуға шақырамын,-деді ол.

Сондай-ақ ол қоғамның саяси белсенділігі артып, өз пікірі қалыптасу керек екенін айтты.

Біз жекелей сынап, түрлі ойымызды айта аламыз. Дегенмен қоғамның өз пікірі болғаны дұрыс, бізге сол қоғамның ынтымағын сақтау маңызды. Ертең қандайда бір  шенеунікті, депутатты таңдағанда жауапкершілік болу керек. Конституцияда ол міндетті түрде орталық басқару органында отырған адам емес, халық арасынан шыққан белсенді адам болуы мүмкін екені көрсетілген. Сондықтан біз өз бюджетімізді кімге сеніп тапсыратынымызды дұрыс таңдай білуіміз қажет. Біздің салықты дұрыс басқара алатын әрі ертеңгі күніміз қандай болатыны біз таңдаған адамдарға байланысты болмақ. Сондықтан референдум кезінде бізге әр дауыс маңызды және бәріміз дұрыс шешімді қабылдауымыз керек,-деді Әзімова.
 

Өзгелердің жаңалығы