Нұр-Сұлтан, Ақтау қаласындағы теңіз жаяу әскері бригадасының базасында Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусының 42 курсанты отыз күндік әскери дайындықтан өтті.
Осы жылдың қаңтары мен ақпаны аралығында болашақ сержанттар теңіз жаяу әскері бөлімшелерінің командирі лауазымдарында екі жыл бойы меңгерген білімдерін сынады. Тағылымдама барысында кадеттердің моральдық-психологиялық жағдайын егжей-тегжейлі зерделеу, практиканың басында курсанттардың кәсіби дайындық деңгейін тексеру мақсатында олармен үш күндік оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылды. Жаттығу барысында курсанттар жауынгерлік дайындық пәндері бойынша бағаланды және осы көрсеткіштерге сүйене отырып, бөлімшелерге бекітілді.
Әскери бөлімдегі тәжірибелік жұмыстың алғашқы күндерінен бастап курсанттар бағынышты сарбаздарды басқарудағы ұйымдастырушылық қабілеттерімен ерекшеленді. Болашақ сержанттар жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеудің қыр-сырын түсінуде жетекші бола отыра, біраз ақпаратпен бөлісіп әскери бөлімге жаңа серпін бере алды.
Командирдің міндеттерін неғұрлым толық түсіну үшін курсанттар өздеріне сеніп тапсырылған қызметкерлермен бірге казармаға орналастырылды және күнделікті жауынгерлік дайындықтың барлық элементтерін өздері орындап отырды. Көбіне олар далалық жағдайда жеке құраммен сабақтар өткізді. Басты назар атыс жаттығуларын орындауға бөлінді, - деді 25744 әскери бөлімінің сержанты 2сыныпты сержант Багдат Байсериков.
Кадеттер үшін әскери тағылымдама Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен бөлімшелерінде нақты қызметті көрудің алғашқы мүмкіндігі болды. Енді жарты жылдан кейін олардың әрқайсысы өз әскери қызметтерін Қарулы Күштердің әскери бөлімдерінің бірінде бастауға мүмкіндік алады.