Бокстан Қазақстан құрамасына жаңа капитан сайланды

Бүгiн, 12:29
224
Бөлісу:
Бокстан Қазақстан құрамасына жаңа капитан сайланды
Фото: olympic.kz

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны ауысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

2022 жылғы Азия чемпионы әрі жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы (2018) Айбек Оралбай Қазақстан құрамасының капитаны атанды.

Бұған дейін бұл қызметті 2023 жылғы әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов атқарған болатын.

Айта кетелік, Айбек Оралбай Париж Олимпиадасында өнер көрсетті. Ол 92 келі салмақта сынға түсіп, ширек финалда әзербайжандық Лорено Альфонсо Домингеске жол берген болатын.

Кейін белгілі болғандай, Париж Олимпиадасынан соң Айбек +92 келі салмаққа ауысты. Алдағы Азия чемпионатына боксшы аса ауыр салмақта қатысуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы