Бокстан Азия, әлем чемпионы елордалық спортшы алғаш рет дауыс берді

19 Наурыз 2023, 16:42
657
Бөлісу:
Бокстан Азия, әлем чемпионы елордалық спортшы алғаш рет дауыс берді
Фото: Астана қаласы спорт басқармасы

№172 сайлау учаскесінде 18 жасқа енді толған сайлаушы, бокстан Азия, әлем чемпионы елордалық спортшы Санжар Тәшкенбай алғаш рет дауыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол бұл күнді асыға күткенін айтады.

Бұрын теледидардан көріп, "Мен қашан сайлауға қатысып, дауыс береді екенмін" дейтінмін. Қазір сол күнге жетіп отырмын.

Бокстан Азия, әлем чемпионы елордалық спортшы алғаш рет дауыс берді

Бүгін спортшы емес, сайлаушы ретінде бірінші рет келіп тұрмын. Сондықтан алдымен сайлаудың қалай өтетіні жайлы ақпарат алдым. Бұл мемлекеттік маңызы бар іс болғандықтан аздап қобалжыдым. Сайлау ел болашағына әсер етеді. Сондықтан алғаш рет дауыс беріп отырған сайлаушы ретінде оның маңыздылығын білуіміз қажет деп ойлаймын, - дейді спортшы.

Өзгелердің жаңалығы