Бокстан әйелдер арасындағы ӘЧ: Елдана Тәліпова – күміс жүлдегер

Бүгiн, 04:33
217
Бөлісу:
Бокстан әйелдер арасындағы ӘЧ: Елдана Тәліпова – күміс жүлдегер
Фото: olympic.kz

Қазақстан әйелдер құрамасының боксшысы Елдана Тәліпова Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші орынды иеленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық боксшы 81 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғады.

Отандасымыз финалда Қытай спортшысы Чжан Иляньмен жұдырықтасты. Төрешілердің шешімі бойынша Чжан Илянь басым түсті.

Осылайша Қазақстан құрамасы әлем біріншілігінде үш алтын медаль жеңіп алды. Бұған дейін Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (50 келі) және Аида Әбікеева (63 келі) алтыннан алқа тақса, Виктория Графеева (60 келі) екінші, Наталья Богданова (70 келі) үшінші нәтиже көрсеткен болатын.

Өзгелердің жаңалығы