Бокстан Әлем кубогы кезеңі: Сұлтанбек Айбарұлы алтын медаль иеленді

Қазақстан құрамасы бокстан Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Әлем кубогының ақтық кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 olympic.kz 21 Қараша 2025 2025, 02:12
21 Қараша 2025 2025, 02:12
782
Фото: olympic.kz

Қазақстан құрамасы бокстан Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Әлем кубогының ақтық кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

85 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Сұлтанбек Айбарұлы чемпион атанды, – деп жазылған ҚР ҰОК хабарламасында.

Финалда отандасымыз Өзбекстан боксшысы Жасурбек Юлдашевты жеңді.

Айта кетейік, бұған дейін 70 келіге дейінгі салмақта Нұрбек Мұрсал күміс жүлдегер атанған еді.

Наверх