ҚР Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында танымал боксшы Дмитрий Биволдың экс-жұбайы – Екатерина Биволға қатысты іздеу туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Құжат «Қылмыскерлерді іздеу» бөлімінде орналастырылған. Онда 35 жастағы әйелдің екі күннен бері іздеуде екені көрсетілген.
Портал деректеріне сәйкес, іздестіру ісі 2025 жылдың 1 қарашасында Астана қаласында тіркелген. Іздеу шараларын Байқоңыр ауданы полиция басқармасы жүргізіп жатыр, ал іздеудің бастамашысы – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі.

Бұған дейін, 31 қазанда, ІІМ Екатерина Биволға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растаған еді.
Аталған адамға бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу санкциясымен іздеу жарияланды. Тергеу жалғасып жатыр, - делінген министрлік хабарламасында.