Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін үш қазақстандық спортшы рингке шығады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әлем чемпионатының жүлдегерлері Алуа Балқыбекова, Жайна Шекербекова және Надежда Рябец алғашқы кездесулерін өткізеді.
Алуа Балқыбекова 48 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда сингапурлық Кей Ван Чи Ваймен, Жайна Шекербекова (54 кг) оңтүстіккореялық Э Чжи Иммен, Надежда Рябец (66 кг) тағы бір кореялық боксшы Сён Суджинмен жұдырықтасады.
Үшеуі де Астана уақытымен сағат 14.30-да басталатын күндізгі сессияда өнер көрсетеді.
Әлем біріншілігін тікелей эфирде «Qazsport» телеарнасынан қарауға болады.
Осыған дейін рингке шыққан үш қазақстандық боксшы келесі кезеңге өтті.