Бокстан әлем чемпионаты: Санжар Тәшкенбай финалға шықты

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектері басталды. 48 килоға дейінгі салмақта Санжар Тәшкенбай финалға жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

12 Мамыр 2023 2023, 15:45
АВТОР
 Prosports.kz 12 Мамыр 2023 2023, 15:45
12 Мамыр 2023 2023, 15:45
1719
Фото: Prosports.kz

Жастар арасында әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай бокстан Ташкенттегі әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

48 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Санжар ресейлік Эдмонд Худоянды жеңді. Жекпе-жек үш раундқа созылып, отандасымыз төрешілер шешімімен басым түсті (5:0).

Еске сала кетсек, бүгін тағы төрт қазақстандық (Махмуд Сабырхан, Дулат Бекбаубов, Асланбек Шымбергенов мен Нұрбек Оралбай) жартылай финал аясында рингке шығады.

Наверх