Бокстан ӘЧ: Махмұд Сабырхан ақтық сынға жолдама алды

Қазақстандық былғары қолғап шебері Махмұд Сабырхан Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында ақтық сынға жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ҰОК/Сали Сабиров 13 Қыркүйек 2025 2025, 21:29
13 Қыркүйек 2025 2025, 21:29
885
Фото: ҰОК/Сали Сабиров

Қазақстандық былғары қолғап шебері Махмұд Сабырхан Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында ақтық сынға жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жерлесіміз 55 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Лю Чуанмен (Қытай) қолғап түйістірді.

Махмұд алғашқы раундтан-ақ ауыр соққылармен қарсыласын есеңгіретіп тастады. Екінші және үшінші кезеңде де керемет бокс үлгісін көрсеткен отандасымыз төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Енді Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін) әлем чемпионатының алтын медалі үшін сынға түседі.

Наверх