Бокстан ӘЧ: Махмұд Сабырхан алғашқы жеңісіне қол жеткізді

8 Мамыр 2023, 17:45
740
Бөлісу:
Бокстан ӘЧ: Махмұд Сабырхан алғашқы жеңісіне қол жеткізді
PHOTO
Фото: instagram.com/drs_kz

Өзбестан астанасы Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Махмұд Сабырхан алғашқы жеңісіне қол жеткізді,деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазақтың Ломаченкосы» атанып кеткен, Белградта өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері М.Сабырхан 54 келіге дейінгі салмақта мажарстандық Иштван Сакомен шеберлік байқасты.

Бокстан ӘЧ: Махмұд Сабырхан алғашқы жеңісіне қол жеткізді


Бірінші раундта төрешілердің төртеуі қазақстандық боксшы басым деп тапты. Екінші кезеңде Махмұд қарқынды үдетті – 5:0. Жекпе-жек қорытындысында да төрешілер бірауыздан жеңісті Махмұд Сабырханға берді.

Сөйтіп, ол келесі кезеңге өтті.

Бокстан ӘЧ: Махмұд Сабырхан алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Бүгін кешкі сессияда Қазақстаннан Санжар Тәшкенбай мен Сағындық Тоғамбай өзбекстандықтар Шодиержон Меликузиев және Шохжахон Абдуллаевпен қолғап түйістіреді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан үшінші болып Қамшыбек Қоңқабаевтың ширек финалға өткенін айтқан болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы