Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бокстан ӘЧ: Елдана Тәліпова қола медаль иеленді

13 Қыркүйек 2025, 09:20
585
Бөлісу:
 ҰОК/Сали Сабиров
Фото: ҰОК/Сали Сабиров

Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Елдана Тәліпова бокстан Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұрымды боксшымыз 80 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғады.

Елдана Тәліпова жартылай финалда Польша елінің өкілі Агата Качмарскамен жұдырықтасты.

Жекпе-жек қорытындысы бойынша польшалық боксшы финалға өтті.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі қола жүлде бар. Бұған дейін Виктория Графеева (60 келіге дейін) үшінші орын алған еді.

Өзгелердің жаңалығы