Бокстан ӘЧ: бүгін үш боксшы сынға түседі

8 Мамыр 2023, 10:45
882
Бөлісу:
Бокстан ӘЧ: бүгін үш боксшы сынға түседі
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін ел құрамасынан үш боксшы рингке шығады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана уақытымен сағат 15:00-де басталатын күндізгі сессияда А рингінде Махмуд Сабырхан (54 келі) венгриялық Иштван Сакоймен жұдырықтасады.

Ал 19:00-ге белгіленген кешкі сессияда Б рингінде Санжар Ташкенбай (48 келі) өзбекстандық Шодиержон Меликузиевпен кездессе, А рингінде Сағындык Тоғамбай (86 келі) тағы бір өзбекстандық Шохжахон Абдуллаевпен қолғап түйістіреді.

Өзгелердің жаңалығы