Боксшылар Олимпиада комитеті алдында шеру өткізді

Лозанадағы Халықаралық бокс комитетінің штаб-пәтері алдында боксшылар екі бірдей бейбіт шеру өткізген, деп хабарлайды BAQ.KZ championat.com-ға сілтеме жасап.

31 Наурыз 2023 2023, 10:45
АВТОР
 championat.com 31 Наурыз 2023 2023, 10:45
31 Наурыз 2023 2023, 10:45
1424
Фото: championat.com

Лозанадағы Халықаралық бокс комитетінің штаб-пәтері алдында боксшылар екі бірдей бейбіт шеру өткізген, деп хабарлайды BAQ.KZ championat.com-ға сілтеме жасап.

Шеруге түрлі елден 500-ден астам боксшы қатысқан. Оның ішінде Қазақстан, Ресей, Франция, Швейцария, Польша, Германия және Италиядан да келгендер бар. Олардың бәрі бокстың IBA жетекшілігімен Олимпиада ойындары бағдарламасында қалуын сұрауда. 

Қарсылық шеруін Эстель Моссели - франциялық Олимпиада және әлем чемпионы бастады. 

Айта кетейік, былтыр аты аңызға айналған америкалық Рой Джонс та Лозанадағы олимпиядалық мұражай алдында бейбіт шеру өткізген болатын. 

Наверх