Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров алдағы жекпе-жегінің өтпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ассалаумағалейкум, достар! 28 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегім оң жақ иығымнан жаттығу барысында жарақат алуыма байланысты кейінге қалдырылды. Қай уақытта болатынын алдағы уақытта хабарлайтын боламын, - деп жазды спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске салайық, 28 қыркүйекте Алматыдағы Жанқош Тұраров венесуэлалық боксшы Корреа Пинтомен жекпе-жек өткізуге тиіс болатын.
Ол кәсіби рингте 28 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. 20 рет қарсыластарын нокаутқа жіберген.