Боксшы Санжар Тәшкенбай әскери ант берді

Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай ҚР Қарулы Күштері қатарына қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

30 Желтоқсан 2023 2023, 12:13
АВТОР
 Instagram/tashkenbay_sanzhar 30 Желтоқсан 2023 2023, 12:13
30 Желтоқсан 2023 2023, 12:13
3968
Фото: Instagram/tashkenbay_sanzhar

Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай ҚР Қарулы Күштері қатарына қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында әскери бөлімде ант қабылдап жатқан суретін жариялап, «Отанды сүю – иманнан» деген жазба қалдырды.

Айта кетейік, осы жылдың мамыр айында Ташкентте өткен әлем чемпионатында қазақстандық боксшы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарған болатын.

Сонымен қатар 20 жастағы қазақстандық боксшы Иордания астанасы Амманда өткен 2022 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

Наверх