Боксшы қыздардың әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды

16 Наурыз 2023, 15:03
611
Бөлісу:
Боксшы қыздардың әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды
Фото: bassport.kz

Бокстан әйелдер арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионатында біздің қыздардың қарсыластары анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ bassport.kz сайтына сілтеме жасап.

Жеребе қорытындысы:

48 келі: Алуа Балқыбекова – Кей Ван Чи Вай (Сингапур);

50 келі: Назым Қызайбай – Тхи Там Нгуен (Вьетнам);

52 келі: Жазира Орақбаева – Чан Ча-Сун (Тайвань);

54 келі: Жайна Шекербекова – Аэ Жи Им (Оңтүстік Корея) / Мария дель Кармен Мадуэно (Испания);

57 келі: Карина Ибрагимова – Намуун Монхор (Моңғолия) / Валерия Арболеда (Колумбия);

60 келі: Римма Волосенко – Ситора Тұрдыбекова (Өзбекстан);

63 келі: Аида Әбікеева – Ургуя Ус (Түркия) / Ян Ченгю (Қытай);

66 келі: Надежда Рябец – Сен Суджин (Оңтүстік Корея); 70 келі: Мадина Нұршаева – Хонг Ген Чой (Оңтүстік Корея);

75 келі: Валентина Хальзова – Мариэлис Ириса (Венесуэла);

81 келі: Фариза Солтай – Лианн Будрем (Тринидад және Тобаго);

+81 келі: Ләззат Күнгейбаева – Абиола Джекман (Гайана) / Нупур (Үндістан).

Айта кетейік, әлемдік дода 15-26 наурыз аралығында Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында өтеді. 15 наурызда турнирдің ашылу салтанаты, жеребе тарту рәсімі және салмақ өлшеу шарасы ұйымдастырылады. 16-22 наурыз аралығында екі сессия бойынша боксшылар қолғап түйістіреді. Елорда уақытымен 14:30-да – күндізгі, 18.30-да кешкі сессия болады.

23 наурызда жартылай финал өтеді, ал жаңа әлем чемпиондары 25-26 наурызда анықталады.

Өзгелердің жаңалығы