Боксшы қыздар Қытайға аттанды

12 Қыркүйек 2023, 17:45
804
Бөлісу:
Боксшы қыздар Қытайға аттанды
Фото: qazsporttv.kz

Бас бапкер Шамиль Сафиулин бастаған бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқылардың бірі болып Қытайға аттанды, деп хабарлайды BAQ.KZ qazsporttv.kz-ға сілтеме жасап.

Ханчжоудағы жазғы Азия ойындары қарсаңында боксшы аруларымыз жергілікті және Тәжікстан спортшыларымен біріккен оқу-жаттығу жиынын өткізді. 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтетін ХІХ жазғы Азия ойындарында ел намысын қорғайтын боксшылар: 

50 келі. Назым Қызайбай 

54 келі. Жайна Шекербекова 

57 келі. Карина Ибрагимова 

60 келі. Римма Волосенко

66 келі. Наталья Богданова

75 келі. Валентина Хальзова 

Қазақстан бокс федерарациясы Азия ойындары чемпионына 50 мың, күміс жүлдегеріне 30 мың, ал қола медалін иеленген спортшыға 10 мың доллар сыйақы береді.

Өзгелердің жаңалығы