Биыл 8-16 наурыз аралығында Сербияда өткен әлем чемпионатында IBA жүлдегерлерге қомақты сыйақы табыстаған. Сондай-ақ Қазақстан бокс федерациясы да дәл осындай сомада сыйақы беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Нәтижесінде, қазақстандық боксшы қыздарға жалпы 850 мың доллар сыйақы беріледі:
?Назым Қызайбай – 200 мың доллар (100 IBA + 100 ҚБФ)
?Алуа Балқыбекова – 200 мың доллар (100+100)
?Аида Әбікеева – 200 мың доллар (100+100)
?Виктория Графеева – 100 мың доллар (50+50)
?Елдана Талипова – 100 мың доллар (50+50)
?Наталья Богданова – 50 мың доллар (25+25)
Бұған қоса бапкерлер мен дәрігерлерге де федерация тарапынан сыйақы беріледі.