Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Боксшы Махмұд Сабырхан екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 Қыркүйек 2025, 18:14
398
Бөлісу:
 ҰОК/Сали Сабиров
Фото: ҰОК/Сали Сабиров

Махмұд Сабырхан бокстан Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық боксшы 55 келіге дейінгі салмақта үздік атанды.

Махмұд ақтық сында Рафаэль Лосано Серраномен (Испания) алтын жүлдені сарапқа салды.

Отандасымыз үш раунд бойы басымдық танытты. Нәтижесінде Махмұд Сабырхан еш қиындықсыз жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі алтын, бір күміс медаль бар. Бұған дейін Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) алтын медаль иеленсе, Назым Қызайбай (48 келіге дейін) күміске қол жеткізген болатын.

Өзгелердің жаңалығы