Қазақстан құрамасының тағы бір боксшысы Олимпиаданы бірінші жекпе-жегінде аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бокстан сынға түскен боксшы Махмұд Сабырхан жеңіліске ұшырады. 22 жастағы Махмұд Сабырхан Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде Хосе Кильес Бростонсқа (Испания) жол берді.
Үш раундтан кейінгі төрешілер есебі: 1-4.
Айта кетейік, Махмұд әлем чемпионы (54 кг, 2023) және күміс жүлдегері (54 кг, 2021), Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Ал 26 жастағы Хосе - Еуропа ойындарының күміс жүлдегері, Еуропа чемпионатының күміс және қола жүлдегері.