Боксшы Иман Хелиф алпауыттарды сотқа берді

Бүгiн, 08:07
142
Бөлісу:
Боксшы Иман Хелиф алпауыттарды сотқа берді
Фото: скрин

Париж Олимпиадасының бокстан чемпионы, алжирлік спортшы Иман Хелиф додадан соң кибербуллингке қатысты сотқа арыз берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол жазушы Джоан Роулинг, Х әлеуметтік желісінің иесі Илон Маск және АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың үстінен шағым түсірген. Өйткені олар әлеуметтік желіде спортшының шаршы алаңдағы соққысынан кейін италиялық Анджела Каринидің сайыстан бас тартқанын жарыса жазып, Иман Хелифтің жынысына қатысты тақырыпты қызу талқылады.

Осы себепті спортшының қорғаушысы "олар боксшының атына кір келтірді" деп айыптап отыр. Былтыр халықаралық бокс қауымдастығы Иман Хелифті жарысқа қатысу құқығынан айырған еді. Алайда Олимпиада комитеті оны қорғап, сайыста бақ сынауына рұқсат етті. Кейінірек спортшының өзі ресми куәлігінде жынысы әйел деп жазылғанын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы