Боксшы Батыр Жүкембаев елге оралды

1 Қазан 2019, 22:38
1668
Бөлісу:
Боксшы Батыр Жүкембаев елге оралды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 қазан күні боксшы Батыр Жүкембаев (17-0, 13 КО) титулды жекпе-жегінен кейін Канададан елге оралды.

Кәсіпқой мансабындағы 17-жеңісіне қол жеткізген Батырды, жанкүйерлері мен жақындары Алматы әуежайынан қарсы алды. Ол 26 қыркүйекте Монреаль қаласында мексикалық Мигель Васкесті (41-8, 15 КО) ұтып WBA Continental и IBF Inter-Continental чемпиондық бебеулерін еншілеген еді. 

Құттықтау сөзді бірінші болып Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов айтты. 

IMG_8726.JPG

«Батыр баурымызды жаңа чемпиондық белбеулерді жеңіп алуымен құттықтаймын. Таяу уақытта Алла бұйыртса негізгі чемпиондық белдікті тағынатын жігіттердің бірі осы Батыр деп сеніммен айта аламын. Оның болашағы зор. Канадалық және АҚШ бокс мамандары Батырдың жұдырықтасу мәнерін жоғары бағалап отыр. Бұл үлкен жетістік. Батырға сәттілік тілеп батамды беремін», - деді ол.

«777» лақап атымен танылған кәсіпқой боксшы 2,5 жыл уақыттың ішінде, осымен төрт бірдей чемпиондық белдіктің иесі атанып отыр. Бұған дейін IBO International және WBC Continental Americas белбеулерін жеңіп алған еді. Бүгінде беделді #Boxrec сайтының рейтингінде әлемдегі бірінші жартылай орта салмақтағы 2 мың боксшының ішінде, Батыр 19-орынға көтерілді.

IMG_8629.JPG

«Қарсыласым болған азулы мексикалық боксшыны құрған жоспарға сәйкес 10 раунд нәтижесінде ұпай санымен айқын ұттым. Осы маңызды жеңісімнің арқасында мен бұдан да үлкен титулды айқастарға даяр екендігімді әлемге паш ете алдым. Бұл тек бастамасы. Осындай қолдаушы халқым барда, мен тек биіктерді бағындыруға ұмтыла түсемін. Ендігі мақсат АҚШ-та мықтылармен жұдырықтасу. Қазіргі таңда DAZN секілді ақылы платформалар мен Golden Boy маған қызығушылық танытып отыр. Таяуда келіссөздер бастаймыз. Жеңісімді халқыма арнаймын. Жылдың соңына дейін тағы да бір титулды жекпе жек өткізу ойымда бар. Баршаңызға рақмет», - деді Батыр.


Өзгелердің жаңалығы