Боксшы Ангелина Лукас – әлем чемпионы

Бүгiн, 04:25
135
Бөлісу:
Боксшы Ангелина Лукас – әлем чемпионы
Фото: sports.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас Таиландта өткен кәсіпқой бокста чемпион атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Боксшы Бангкокте өткен кәсіпқой бокс кешінде IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын иеленді.

Спортшы қыз аргентиналық Дебора Анаи Лопеспен жекпе-жек өткізді. Кездесу екі минуттан 10 раундқа жоспарланып, соңына дейін жалғасты. Төрешілердің шешімімен Қазақстан боксшысы жеңіске жетті.

Қазақстан тарихында алғаш рет. Әйелдер боксында ең ірі жеңіс. Мен WBO тұжырымының төрт дүркін чемпионы – аргентиналық боксшыны жеңдім және IBO чемпиондық титулын иелендім. Мен өте бақыттымын, – деп жазды Ангелина Лукас әлеуметтік желідегі парақшасында.

Өзгелердің жаңалығы