Бокс: Виктория Графеева – күміс жүлдегер

Бөлісу:
Бокс: Виктория Графеева – күміс жүлдегер
Фото: olympic.kz

Қазақстан әйелдер құрамасының боксшысы Виктория Графеева (60 келі) Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Отандасымыз финалда ресейлік Нунэ Асатрянмен өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде төрешілердің шешімімен Нунэ Асатрян басым түсті.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында төрт медаль бар. Бұған дейін Назым Қызайбай (48 келі) және Алуа Балқыбекова (50 келі) алтыннан алқа тақса, Наталья Богданова (70 келі) қола жүлдеге ие болған еді.

Өзгелердің жаңалығы