Бокс. Ғалымбек Кенжебаев бас бапкерліктен кетті

6 Қыркүйек 2021, 15:19
1175
Бөлісу:
Бокс. Ғалымбек Кенжебаев бас бапкерліктен кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан Ұлттық құраманың жаңа бас бапкерлері тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан Бкос федерациясының ресми сайты жазды.

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамаларына жаңа бапкерлер тағайындалды. Қазақстан бокс федерациясының ұсынысы бойынша ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Дене шынықтыру және спорт комитеті ерлер және әйелдер командаларының жаңа бас жаттықтырушыларын бекітті.

Нақтырақ айтсақ, Қазақстанның ерлер ұлттық құрамасын Қайрат Сәтжанов жаттықтыратын болды. Осылайша ол 2018 жылдан бері бас бапкер болған Ғалымбек Кенжебаевты алмастырды.

Қайрат Сәтжановтың бапкерлік өтілі – 31 жыл. 2011-2019 жылдары Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы болып жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде Сәтжанов бастаған жас боксшылар «Азия балалары (2012 ж. – 4/4/2, 2016 ж. – 4/4/3) халықаралық ойындарында табысты өнер кһрсетіп, әлем чемпионаттарында екі рет ең мықты үштіктің қатарына кірді (2013 ж. – 2/1/5, 2015 ж. – 1/1/3). Сондай-ақ, Азия чемпионаттарында екі рет командалық есепте жеңіске жетті (2013 ж. – 8/2/1, 2017 ж. - 8/2/2), - деп жазылған сайттың мәліметінде.

2019 жылы Қайрат Сәтжанов Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы болып тағайындалды. Екі жыл ішінде оның шәкірттері Азия чемпионаттарында екі рет командалық есепте жеңіске жетті (2019 ж. – 6/1/2, 2021 ж. – 8/2/2) және әлем чемпионатында екінші орын алды (2021 ж. – 2/2/1). Сондай-ақ, бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының жаңа бас бапкері тағайындалды.

Өз еркімен кеткен Ерік Алғабектің орнына Шамиль Сафиуллин бекітілді. Шәміл Сафиуллиннің бапкерлік еңбек өтілі – 25 жыл. Осы уақыт ішінде ол Қазақстанда да, шетелде де жұмыс істеп үлгерді. Әлем чемпионаттарының жүлдегерлерін, Азия чемпиондарын және Қазақстан біріншілігінің бірнеше дүркін жеңімпаздарын дайындады. 2018 жылдан бастап Шәміл Абдулбариұлы бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының аға жаттықтырушысы қызметінде еңбек етті, -делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы