Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне "ұлттық" мәртебе берілді

12 Тамыз 2025, 14:15
1044
Бөлісу:
 facebook.com
VIDEO
Фото: facebook.com

Президент Жарлығымен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті еліміздегі ұлттық мәртебеге ие болған 18-ші жоғары оқу орны атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.


Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне "ұлттық" атағы берілді. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті "ұлттық" атағына ие болды. Ол елімізде осындай мәртебеге ие болған он сегізінші жоғары оқу орны. Оқу орнының ұжымы мен студенттерді осы маңызды оқиғамен құттықтаймын. Бұл оқу орнының жетістіктерін жоғары бағалау ғана емес, сонымен қатар ғылым, білім және кәсіби өсудің жаңа мүмкідіктері, -  деп жазды Ермағанбет Бөлекбаев.

Өзгелердің жаңалығы