Соңғы 2 жылда Boeing ұшақтары 4 рет апатқа ұшыраған

8 Қаңтар 2020, 19:48
18968
Бөлісу:
Соңғы 2 жылда Boeing ұшақтары 4 рет апатқа ұшыраған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін украиналық Boeing 737 ұшағы Тегеран әуежайына жақын жерде апатқа ұшырады. Бортта болған 167 жолаушы және 9 экипаж мүшесінің барлығы қайтыс болды. 

Соңғы 2 жылда Boeing ұшақтарының қатысуымен 4 әуе апаты болған екен.

2018 жылдың көктемінде Global Air әуекомпаниясының Boeing 737-200 ұшағы Гавана әуежайынан ұшу кезінде апатқа ұшыраған. Борттағы 113 адамның тек біреуі аман қалды.

2019 жылдың 29 қазанында Джакартадан Суматра аралына ұшып бара жатқан Lion Air әуекомпаниясының Boeing 737 MAX Батыс Ява жағалауы маңына құлады. Бортта болған 181 жолаушы және 8 экипаж мүшесі қаза тапты.

2019 жылдың наурыз айында Дэбрэйт қаласының маңында Эфиопия әуекомпаниясының Boeing 737 ұшағы апатқа ұшырады. Бортта болған 157 адамның ешқайсысы аман қалған жоқ. Қаза болғандардың арасында 35 елдің азаматы болған.

Енді бір қайғылы оқиға 2019 жылдың 14 қаңтарында Иранның әскери Boeing 707 жүк ұшағымен болды. Ұшқыш қону кезінде әуе көлігін басқара алмай, ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, тұрғын үйлермен соқтығысқан. Одан ұшақты өрт алып, жанып кеткен. Сәтін салып, ол кезде тұрғындар үйлерінде болмаған. Бортта командир және экипаждың 15 мүшесі болған, барлығы – Иран азаматтары. Апаттан тек бір ғана адам аман қалды.

Өзгелердің жаңалығы