Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында бочча федерациясының вице-президенті Назым Жанғазинова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
1-4 маусым аралығында елордада паралимпиадалық спорт түрі бочча бойынша Қазақстан чемпионаты өтеді. Бочча негізінен доп ойыны. Яғни тірек-қозғалыс аппаратының ең ауыр бұзылыстары бар балалар мен ересектерге өзін-өзі жетілдіруге мүмкіндік беретін бірнеше паралимпиадалық спорт түрлерінің бірі. Елімізде бочча федерациясы 2021 жылы мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар мен «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қоры жаттықтырушыларының бастамасымен құрылған.
Бочча бойынша Қазақстан чемпионаты – керемет жарыс қана емес, күш-қуат, ерік-жігер мен табандылық мерекесі. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен рухы мықты, басындағы қиындықтарды жеңуге деген талпынысы бар үздік спортшылар жиналды. Олар өздерінің физикалық мүмкіндіктері шектеулі болғанына қарамастан, жалықпай жаттығып, спорттың кез келген кедергіні жеңудің қуатты құралы екенін дәлелдейді,-дейді Назым Жанғазинова.
Жарыстың мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандардың қатарында спорттың маңызды екенін түсіндіру сондай-ақ өз мүмкіндіктерін іске асыруына көмектесу. Чемпионатта еліміздің әр өңірінен 15 жастан 50-ге жуық спортшылар бақ сынайды.
Қазіргі уақытта өңірлердегі іріктеу турниір аяқталып, елордаға бәсекеге келетінін спортшылар белгілі.
Чемпионаттың маңызы зор, өйткені ұлттық құрама осы жарыстың нәтижелері бойынша жаңартылып, содан кейін іріктеу сынынан өткендер халықаралық бәсекелерде – Паралимпиадалық және Азиялық Паралимпиада ойындарында Қазақстан намысын қорғайтын болады. Өңірлерде іріктеу чемпионаттары аяқталып, республикалық жарыстарға елордаға келетін барлық ойыншылар анықталды,-дейді Бочча федерациясының бірінші вице-президенті Айнұр Нұрқожаева.
Айта кетейік, Жақында ғана Қазақстанның Бочча федерациясы ресми түрде Халықаралық Бочча федерациясына мүше болды.