Бұл сұраққа Сенат кулуарында ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Алдағы уақытта блогерлердің заңсыз лоторея өткізуіне қатысты заң қатаңдатылуы мүмкін.
Бұл мәселе қазір қарастырылып жатыр. Әкімшілік жауапкершіліктен бөлек, қылмыстық жауапкершілік енгізу ұсынысы бар. Ұсыныстар жиналған соң Үкімет пен Мәжіліске жолданады. Бұрын да айтқандай қаржы пирамидаларына қылмыстық жауапкершілік қарастырдық қой. Соны да осы жағдайға қарастырып жатырмыз, – деді ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов.
Айта кетейік, Қазақстандағы еңтанымал блогерлердің бірі Ерболат Жанабылов пен жұбайы Эльмира Төлегенова өткізген ойын ұтысына қатысты қылмыстық іс қозғалды.