Бүгін сотта айыпталушы блогер Ерболат Жанабылов өз ұстанымын айтып, жауап беріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жанабыловқа адвокаты Гаухар Айтжанова сұрақ қойып жатыр.
Еске сала кетейік, тергеу барысында блогерлерге қатысты бірнеше бап бойынша айып тағылып отыр.
Атап айтқанда, тергеу оларды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы – заңсыз кәсіпкерлік, сондай-ақ 218-бабы – қылмыстық жолмен алынған ақшаны немесе мүлікті заңдастыру (ақшаны жылыстату) бойынша күдікті деп отыр.
2026 жылғы 30 наурыздағы сот отырысында блогер Нұрбек Нұртаза (лақап аты – justking31) куәлік етті. Нұрбек Нұртазаға дейін сот залында блогер Дархан Жолшыбековтен де куәгер ретінде жауап алынған еді.
Сондай-ақ, сот процесінде Жанабыловтар ісінде күтпеген жаңа деталь шықты.
Сот отырысында Жанабыловтарды үйқамақта ұстау шешімі өзгеріссіз қалдырылды. Прокурор Жанабыловтар лотереяны рұқсатсыз ұйымдастырғанын мәлімдеді.
Сондай-ақ, блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты іс бойынша сотта тергеу басталды. Сот процесінде алғашқы куәгерден жауап алынды. Жүлде ұтысын өткізуге арналған сайтты әзірлеген ІТ-маман Сұңғат Өтеболатов жауап берді.
18 наурыздағы сот отырысы барысында Жанабыловтардың адвокаты Гаухар Айтжанова 16 наурыздағы процестен кейін мемлекеттік айыптаушының жария түрде айтқан пікірлеріне байланысты оған ескерту жасау жөнінде өтініш білдірді.
Тағы оқи отырыңыз:
Жанабыловтар ісі: Сотта бейнежазбаларға қатысты пікірталас туды