Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың желтоқсан айынан бері облыс бойынша 1 227 адам зертханалық тексеруден өткен, ал індет басталғалы 217 867 адамнан сынама алынған.
Батыс Қазақстан облысы - COVID-19 коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «жасыл аймақта».
Тұрғындар арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу және оны уақытылы анықтауда зертханалардың рөлі ерекше. Өңірде COVID-19-ға ПТР әдісімен тестілеу өткізуге арналған 10 зертхана жұмыс істейді:
1. ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК БҚО бойынша филиалы;
2. ШЖҚ «Облыстық көпбейінді аурухана» МКК;
3. «Олимп» КДЗ;
4. ШЖҚ «Бөрлі аудандық ауруханасы» МКК;
5. «Медициналық орталық» ЖШС;
6. ҚР ДСМ АҚИҰҒО ШЖҚ РМК «Орал обаға қарсы күрес станциясы» филиалы;
7. «СВА Интертич» ЖШС;
8. «INVIVO» ЖШС;
9. Жәңгір хан атындағы БҚАТУ;
10. «A-Class Medical» ЖШС (келісімшарт бойынша).
Тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін зертханалардың мекен жайы мен жұмыс уақыты stopcovid.kz. сайтында орналасқан. ПТР-тестілеудің бағасы 6 мың теңгеден басталады.