БҚО-да мал ұрлығымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;БҚО полиция&nbsp;департаменті криминалдық полиция басқармасының мәліметінше, Батыс Қазақстан және көршілес Атырау облысы аудандарында мал ұрлығымен айналысқан топ ұзақ уақыт бойы жүргізілген жедел іздестіру шаралары барысында&nbsp;қолға түскен.&nbsp;</h4>

 18 Наурыз 2021 2021, 06:28
18 Наурыз 2021 2021, 06:28
2366

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҚО полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының мәліметінше, Батыс Қазақстан және көршілес Атырау облысы аудандарында мал ұрлығымен айналысқан топ ұзақ уақыт бойы жүргізілген жедел іздестіру шаралары барысында қолға түскен. 

БҚО-ның үш тұрғыны қамауға алынып, басқа да ашылмаған мал ұрлығына қатыстылығы тексерілуде.

Қылмыстық топ малдың етін ғана алып, басы мен ішек-қарнын оқиға орнында қалдырып кетіп отырған. Тайпақ полиция бөлімінің қызметкерлері малдың терісі, басы мен ішек-қарнын тапқан. Екі облыс тұрғындарынан түскен арыз нәтижесінде мал иелері табылды. Олар Атырау облысы Индер ауданының тұрғындары болып шықты.


Наверх