БҚО-да 35 жастағы жігіт анасын өлтірді

10 Тамыз 2021, 19:22
8619
Бөлісу:
БҚО-да 35 жастағы жігіт анасын өлтірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстанда туған анасын өлтірген ер адам ұсталды.

Мой город порталының хабарлауынша, қайғылы оқиға 9 тамызда Бәйтерек ауданында сағат 18:00 шамасында болған.

Ана мен баласы арасындағы жанжал екеуара спирттік ішімдік ішу салдарынан болған, деп хабарлады БҚО ПД баспасөз қызметі.

61 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Іздестіру жұмыстарына жеке құрамның барлығы тартылды. Күдікті бірден табылды. Ол марқұмның 35 жастағы ұлы екені анықталды. Ер адам деректерді жасырып, тергеу ісін шатастырмақ болды. Анықталғандай, күдікте мен оның арасында жанжал болған, салдарынан ол әйелдің кеуде тұсын жарақаттаған. Алған жарақаттарынан әйел тіл тартпай кеткен, - деді БҚО ПД бастығы Мақсұтхан Әбләзімов.

Аталған дерек ке сәйкес ҚР ҚК 106-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Өзгелердің жаңалығы