БҚО-да 16 жастағы қыз үш баланы өрттен құтқарып қалды

27 Қазан 2020, 11:44
2021
Бөлісу:
БҚО-да 16 жастағы қыз үш баланы өрттен құтқарып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

2020 жылғы 27  қазан күні сағат 02:12-де Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық өрт сөндіру қызметі кезекші-диспетчерлік бөлімінің пультіне Жәнібек ауылы, Шарафудинова 5/2 көшесінде жеке тұрғын үй жанып жатқаны жөнінде хабар келіп түсті, - деді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.  

Өрт жұмыстарын барлау кезінде жалпы ауданы 25 шаршы метр құрайтын екі пәтерлі үй жанып жатқаны анықталды.

Оқиға орнынан 1983 жылы туылған үйдің қожайыны газға улану белгілерімен ауруханаға жеткізілген. Алайда үй қожайыны есін жимастан, ауруханада көз жұмды.  

Ерекше атап өтетін жайт, өрт-сөндірушілер оқиға орнына жеткенге дейін жеке тұрғын үйдің терезесінен үй қожайынының қызы 2004 жылы туған жасөспірім өзінен кіші 2 сіңілісі мен 1 бауырын терезеден өзі шығарып алған. Өрт сөндірушілер екі пәтерлі үйдің екінші бөлігін өрттен сақтап қалды. Алдын ала болжам бойынша өрт электр жабдығын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталмағандығынан шыққан болуы мүмкін. Өрт сағат 03.56-да оқшауланып, сағат 04.29-да толықтай сөндірілді, - делінген министрлік хабарламасында.


Өзгелердің жаңалығы