БҚДА және ЭЫДҰ студенттер үшін оқу құралын дайындау туралы уағдаласты

3 Ақпан 2021, 22:52
1730
Бөлісу:
БҚДА және ЭЫДҰ студенттер үшін оқу құралын дайындау туралы уағдаласты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин ЭЫДҰ өкілдерімен кездесу өткізді. Бұл БҚДА тәуелсіз ведомство ретінде құрылған сәттен бастап тараптардың алғашқы кездесуі. 

Тараптар ынтымақтастықтың перспективаларын, әсіресе - КазГЮУ базасында магистратураның болашақ аттас мамандығының студенттері үшін бәсекелестік құқығы бойынша оқу құралын дайындау бойынша өзара іс-қимыл жасау мәселелерін талқылады. «Бәсекелестік құқығы» білім беру магистратурасын кейіннен білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізе отырып әзірлеу Мемлекет басшысының «Бәсекелестікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы» ел Президентінің Жарлығында белгіленген тапсырмасы. 

Бәсекелестікті елдің барлық мемлекеттік органдары үшін қызметтің басым бағытына айналдыру міндетінің ауқымын ескере отырып - жоғары оқу орындарында бәсекелестіктің ерекшелігі мен міндеттерін білетін мамандарды даярлау болашақта алған білімдерін елдің экономикасы мен салаларының әртүрлі секторларында қолдануға мүмкіндік береді.

ЭЫДҰ өкілдері тарапынан білім беру жоспарындағы өзара іс-қимыл идеясы қызу қолдау тапты. ЭЫДҰ бәсекелестік бөлімі басшысының міндетін атқарушы Антонио Капобьянко көптеген Еуропа елдерінде бәсекелестік құқығы бойынша бейінді мамандарды даярлау заң және экономикалық бағыттар негізінде, университеттік және академиялық білім беру базасында жүргізілетінін атап өтті. Осылайша, елдер экономиканың жеке және мемлекеттік секторларында жұмыс істеу үшін бәсекелестік құқығы бойынша кәсіпқойлар пулын дайындайды.

Антонио Капобьянко аталған елдерде бәсекелестік мәдениеттің бір бөлігі және Үкімет, Білім және ғылым министрлігі деңгейінде қолдау көрсетілетін бәсекелестік құқығы бойынша мамандар даярлау идеясы тамаша бастама екенін атап өтті. ЭЫДҰ өз тарапынан бәсекелестіктің даму бейіні мен практикасы бойынша дайындалған көптеген материалдарға, кейстерге, сарапшылардың бейнедәрістеріне және т.б. қолжетімділікті қамтамасыз ету бөлігінде қолдау көрсетуге дайын. Сондай-ақ қатысушылар бәсекелестік құқығы бойынша студенттер үшін дәрістер мен тренингтер өткізу бөлігінде өзара іс-қимыл жасаға дайын екендігін айтты.

Өзгелердің жаңалығы