Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бизнесті тексеруге мораторий аяқталды: Бектенов кәсіпкерлерді қолдауға тапсырма берді

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
13 Ақпан 2024, 11:31
1005
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік қолдау жүйесін қайта қарауды тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкімет басшысы орта бизнеске сыртқы нарықтарда дамуы, бәсекеге қабілетті жаңа өнімдер жасап, оларды сатуы, соның ішінде экспортқа шығаруы үшін жақсы мүмкіндіктер мен ынталандыру тетіктері берілуі керегін айтты.

Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік қолдау жүйесін қайта қарап, өндірісті 2-3 есе кеңейткісі келетін барынша табысты орташа кәсіпорындармен келісімдер жасауды жеделдетуге тиіс. Бизнесті тексеруге жарияланған мораторий биыл аяқталды. Бірақ бұл кәсіпкерлерге әкімшілік жүктеме түсірмеуге тиіс екеніне сіздердің (министрлердің – ред.) назарларыңызды аударамын, - деп айтты Бектенов отырыста.

Премьер-министрдің сөзінше, адами факторды алып тастауға мүмкіндік беретін мемлекеттік бақылаудың автоматтандырылған жүйесі толық көлемде қолданылуы керек.

Өзгелердің жаңалығы