Бизнесті қолдау мақсатында 43 шара қолға алынған

8 Шілде 2020, 18:00
1371
Бөлісу:
Бизнесті қолдау мақсатында 43 шара қолға алынған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Карантиндік шараларды күшейту кезеңінде қабылданатын шаралар туралы" өткен онлайн брифинг барысында ҚР ұлттық экономика вице-министрі Мәди Такиев айтты.

Ағымдағы және келесі жылға арналған болжамның түпкі негізінде консервативті сценарий жатыр. Қазіргі трендтердің барлығы есептелген. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, бірқатар шара қолға алынғанын білесіздер. Мысалы, микро және шағын бизнеске қатысты салықтан босату шаралары қолға алынды және осы бағыттағы тексерулерге мораторий жарияланды. Биыл 1 қазанға дейін бірқатар сала бойынша еңбекақы қорынан салықтан босату шаралары енгізілген, жеңілдетілген несие көлемі кеңейтілді. Өздеріңіз білетіндей, экономикалық өсімді қалпына келтіру мақсатында кешенді жоспар құрылды. Оған қоса, маусым айында бизнесті қолдау үшін қосымша шаралар қолға алынды. Бұл бағытта 43 шара кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы техникаларының лизингі, мемлекеттік сатып алу, тауарды экспортқа шығару салаларында күн тәртібінде тұрған күрмеулі мәселелерді шешуге арналған. Осы орайда елімізде арнайы мемлекеттік комиссия жұмыс істейді. Ол елдің әр түкпіріндегі бизнес өкілдерінен келген барлық ұсыныс-пікірді саралап, ең өзекті дегендерімен айналысады, - деді ол.

Мәди Такиев бизнес жүргізу мақсатында несие алып, карантиндік шектеу салдарынан төлей алмай отырған кәсіпкерлерге не істеуге болатынын айтты. 

Мемлекеттік комиссия маусым айында бизнесті қолдау мақсатында жоспар құрған болатын. Соның бірі – несие төлеу бойынша кейінге шегеру шарасы. Мұндай жағдайда кемінде 90 күнтізбелік күнге қайта құрылымдау (реструктуризация) және қарызды кейінге шегеру шарасын жасату үшін банктерге және микронесиелік ұйымдарға жүгінуге болады, - деді ол.
Бұған дейін ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Такиев жыл соңына қарай кішігірім экономикалық өсімге шығатынымызды айтқан еді.
Өзгелердің жаңалығы