Бизнеске арналған үздік экожүйесімен Jusan Bank көшбасшы банктер қатарында

15 Маусым 2022, 17:32
1657
Бөлісу:
Бизнеске арналған үздік экожүйесімен Jusan Bank көшбасшы банктер қатарында

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. SME Banking Agency Шығыс және Орталық Азия елдеріндегі үздік экожүйесі бар банктерді атады. 

Jusan Bank Қазақстанда екінші позицияға орнықты (1 – «Халық банк», 3 – «Сбербанк Қазақстан»). Бизнеске арналған маркетплейстерге және қаржылық емес қызметтердің экожүйелеріне жүргізілген «Бизнеске арналған экожүйелер 2022» халықаралық зерттеуінің презентациясы 10 маусымда өтті. 

Агенттіктің аналитиктері төрт ай бойы 11 елдің, оның ішінде Әзірбайжанның, Грузияның, Қазақстанның, Қырғызстанның, Молдава және Украинаның 150-ден астам банктерінің көрсеткіштерін зерттеді. Отандық қаржы нарығын ең ірі 10 банк ұсынды. 

Рейтинг қалыптастыру кезінде заңды тұлғалар үшін бухгалтерия бойынша ұсынылатын сервистердің сапасы, қаржы қызметтерінің алуан түрлілігі, сатылымдар және маркетинг, персоналды басқару және заң мәселелерін жүргізу есепке алынды. 

Атап өтетін жайт, коммерциялық және инвестициялық банкингтегі өз позициясын жақсарту үшін Jusan Bank экожүйені жаңа қаржылық және қаржылық емес өнімдермен толықтырып отыру үшін тұрақты түрде жұмыс жүргізеді. 

Jusan Business қосымшасы клиенттерге өз компаниясын әлемнің кез келген нүктесінде басқаруға мүмкіндік береді. Әрі операцияларды жүргізу үшін қосымша бағдарламалар және ЭЦҚ кілт орнатудың қажеті жоқ. ЖК арналған шот  бар-жоғы бес минуттың ішінде ашылып, пайдаланушыларға төлемдердің барлық түрінен бастап кез келген мақсаттар үшін қаржыландыру алуға дейін сервистердің кең жиынтығы қолжетімді болады. Қызметін жеке жүргізетін кәсіпкерлер өз бетінше, Jusan Business мобильді қосымшасында міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік жарналарды және МӘМС жарналарын батырманы бір рет басу арқылы комиссиясыз төлей алады. Осылайша,  Jusan Bank өз клиенттері үшін барынша жайлы жағдай жасауда.

 Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21ж. № 1.2.35/225/37 лицензиясы.

Өзгелердің жаңалығы