Бизнес теміржол дамуына инвестиция салуға дайын

13 Қыркүйек 2023, 16:12
1217
Бөлісу:
Бизнес теміржол дамуына инвестиция салуға дайын

Көлік саласының кәсіпкерлері өз қаражатын Қазақстанның теміржол инфрақұрылымын дамытуға салуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Президенттің кәсіпкерлермен жыл сайынғы кездесуі барысында Ұлттық палатаның көлік жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі, осы саладағы бірнеше компанияның құрылтайшысы Бақытбек Қадыров айтты.

Инфрақұрылымға инвестиция, қомақты қаржы керек. Осы мақсаттарға ақша үнемі мемлекет немесе қазынадан алу – дұрыс емес. «Жаңа Қазақстан» салып жатсақ, инфрақұрылымнан бастауымыз керек. Оны кәсіпкерлер және отандық өндірушілер де салуы керек. Егер кәсіпкердің қаражаты болса және теміржолға «инвестиция салуға» ниеті болса, неге жасамасқа?, – деді Бақытбек Қадыров.

Спикер Құрық теңіз портында жеке инвестиция есебінен салынған темір жол кірме жолдарының бірінші учаскесі пайдалануға берілгенін хабарлады. Оның ұзындығы 15 шақырым, яғни жобалық ұзындықтың 30%-ы. Алайда, компания мұнымен тоқтап қалмайды және «Бейнеу-Маңғыстау» теміржол учаскесіндегі «тар өткелдерді» жоюға ниетті.

Бұл жоба мемлекет пен жеке бизнестің өзара іс-қимылының жаңа деңгейінің қалыптасуы жолында үлгі бола алады. Ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін ынтымақтастықтың стандартты емес әдістері, соның ішінде қазақстандық бизнесті стратегиялық инфрақұрылым, түрлі механизмдер және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы қолданудың уақыты келді, – деп атап өтті спикер.

Айта кетейік, Бейнеу-Маңғыстау учаскесі Транскаспий көлік бағыты үшін ғана емес, Солтүстік-Оңтүстік дәлізі үшін маңызды. Бұл учаскені кеңейту –өткізу қабілетін едәуір арттыруға мүмкіндік береді және Қазақстанның экспорттық бағыттарын әртараптандыруды қамтамасыз етеді.

«Атамекен» көлік жөніндегі жұмыс тобының басшысы Президентке жұмыс нәтижесі мен көлік саласының қызметін жақсарту жөніндегі жұмыс тобының ұсыныстары туралы баяндады. Мемлекет басшысы кәсіпкерді қолдап, Үкімет пен Көлік министрлігіне осы мәселелерді ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Еске салсақ, Ақордада Мемлекет басшысы шағын, орта және ірі бизнес өкілдерімен кездесті. Мұндай кездесу жыл сайын өтеді. Биыл оған туризм, агроөнеркәсіп кешені, логистика, IT, өңдеу өнеркәсібі және басқа салалардан 200-ге жуық кәсіпкер жиналды. «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов Президентке Қазақстанда кәсіпкерлік ортаны дамыту үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын, сонымен қатар инвестициялық жобалар, мемлекеттік сатып алулар мен офтейк-келісімшарттарды дамыту саласында Үкіметпен бірлесіп қандай жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын баяндады.

Өзгелердің жаңалығы