"Бізге тиіспесеңдер болды, өзіміз дамимыз" дейді – Аймағамбетов

14 Қараша 2024, 11:40
586
Бөлісу:
"Бізге тиіспесеңдер болды, өзіміз дамимыз" дейді – Аймағамбетов
Фото: Арман Мухатов -архив

Бұл туралы депутат Асхат Аймағамбетов Мәжілісте тақырыптық отырыста креативті индустрияны дамыту мәселелерін талқылағанда айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

"Креативті индустрияға не жатады?" деген сұраққа мамандардың өздері әртүрлі пікір айтады. Тіпті министрліктің өзінде бір пікір жоқ деп айтуға болады. Тұжырымдама бекітілді, дегенмен сұрақ әлі көп. "Кейбірі креативті хабты құрсақ болды, проблеманың бәрі шешіледі" дейді, ал енді тағы бірі "ақша мен грант берсек, проблема шешіледі" деп ойлайды, кейбіреулері "салық жеңілдігін берейік" дейді, тіпті осы саланың мамандары "бізге тиіспесеңдер болды, өзіміз дамимыз, бізге ешқандай көмек керек емес" деп айтады, - деп айтты депутат.

Аймағамбетов бұл мәселеде кешенді шаралар керек екенін атап өтті.

Әрине, преференциялар да, мемлекеттік қаржылық не қаржылық емес көмек керек деп ойлаймын. Бірақ соның бәрін кешенді, жүйелі түрде қарастыруымыз керек. Тек бір ғана шарамен мәселені шеше алмайтынымыз түсінікті, - дейді Асхат Аймағамбетов тақырыптық отырыста.

Өзгелердің жаңалығы