Бізге көмектескендерің үшін рахмет. Өрт сөндірушілердің кетіп бара жатқанын көрген келіншек жылап жіберді

9 Қыркүйек 2022, 12:23
1431
Бөлісу:
Бізге көмектескендерің үшін рахмет. Өрт сөндірушілердің кетіп бара жатқанын көрген келіншек жылап жіберді
VIDEO

Қостанайда өрт сөндіруге жұмылдырылған өрт сөндірушлер жұмысын аяқтап, астанаға қарай жолға шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Видеодан өрт сөндіру көліктерінің қайтып бара жатқанын көрген қостанайлық тұрғын дер кезінде көмекке келген құтқарушыларға алғысын айтып, көзіне жас алып оларға жол болсын айтып шығарып салып тұрғанын көруге болады.

Тұрғынның айтуынша олар көмекке келген жұртқа "Дорожник" дәмханасында ас-суын дайындайды екен.

Күнде осы жерде келген жұртқа тамақ дайындаймыз. Күнде үміт болады, осымен барлығы басылып, жұрт тарқаса екен деген. Бүгін де бір қазан палау пісіріп, жер-жерге алып кетті, - дейді келіншек. 

Ол сыртқа шығып тұрса, құтқарушылардың қаз-қатар тізіліп үйлеріне қайтып бара жатқанын көрген. 

Мына жерден 10 шақты өрт сөндіру көлігі өтті. Мынау Бағаналыдан астанаға баратын жол. Машиналардың кетіп бара жатқанын көргенде қуаныштан жылап жібере жаздадым. Жолдарың болсын, аман-есен үйлеріңе жетіңдер! Алла баршаңызға бақытты ғұмыр нәсіп етсін. Бұлар да жап-жас біреудің баласы, біреудің ағасы. Бізге көмектескендеріңіз үшін ризамыз, ұзақ ғұмыр тілейміз. Рахмет, мың алғыс, аман-есен жетіңдер - деп жылап шығарып салып тұрған келіншек көпшіліктің жүрегін елжіретті. 

Өзгелердің жаңалығы