Бізге керегі тұрақты жұмыс. Елордаға келген мұнайшылар талабын айтты

11 Сәуір 2023, 10:51
1378
Бөлісу:
Бізге керегі тұрақты жұмыс. Елордаға келген мұнайшылар талабын айтты
PHOTO
Фото: автордан

Елордаға келген маңғыстаулық мұнайшылар «Қазмұнайгаз» бен Энергетика министрлігі ғимараты алдында жиналып, талап-тілектерін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мұнайшылардың сөздерінше, олар сәуірдің бірінші жұлдызынан бастап жұмыссыз қалған.

Бізге керегі тұрақты жұмыс. Елордаға келген мұнайшылар талабын айтты
Бізге керегі тұрақты жұмыс. Елордаға келген мұнайшылар талабын айтты

Жұмыссыз қалғандардың саны - 250 адам. Олардың барлығы 4-5 жылдан аса тәжірибесі бар мамандар. Барлығы отбасылы.

Бізге керегі тұрақты жұмыс. Елордаға келген мұнайшылар талабын айтты
Бізге керегі тұрақты жұмыс. Елордаға келген мұнайшылар талабын айтты

Былтыр жұмысшылар «Берали Маңғыстау Company» мекемесінде жұмыс істеген. Жұмыс көлемі бітіп қалғандықтан мұнайшылар жұмыссыз қалған. Олар тіпті ешқандай әлеуметтік көмек те ала алмаған.

Бізге керегі тұрақты жұмыс. Елордаға келген мұнайшылар талабын айтты

Мен де «Берали Маңғыстау Company» мекемесінде жұмыс істедім. Жұмыс тоқтап қалып, тендер болмай, жұмыссыз қалдық. Бізге тұрақты жұмыс керек. Сол үшін осы жерге келіп отырмыз. Күттік, алайда мәселе шешілмеді. 250 адамдай жұмыссыз қалдық, - дейді  Жаңаөзен қаласының тұрғыны, мұнайшы Оңғар Есімов.

Бізге керегі тұрақты жұмыс. Елордаға келген мұнайшылар талабын айтты
Бізге керегі тұрақты жұмыс. Елордаға келген мұнайшылар талабын айтты

Маңғыстаулықтардың алдына шыққан «Қазмұнайгаз» өкілдері мұнайшылардың арыз-шағымын тыңдап, келіссөз жүргізілетінін айтты.

Өз кезегінде мұнайшылар бұл комиссия құрамына Энергетика, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және «Қазмұнайгаз» өкілдерін қосуды талап етті.

ҚМГ мәліметінше, қазіргі уақытта ереуілге шыққандардың қалауы өзгеріп, «Өзенмұнайгаз» АҚ штатына жұмысқа орналасуды үзілді-кесілді талап етіп отыр.

Бұл Жаңаөзендегі жұмыссыздарды кезек бойынша аталған мекемеге жұмысқа орналастыру тәртібіне қайшы келеді. Бұл ережелердің моноқала тұрғындарының талабына сай, жұмыс орындарын әділ бөлу үшін қабылданғанын айта кету керек. Осылайша, елордаға келгендердің талаптарын қабылданған құқықтық рәсімдерге қайшы болуына байланысты орындау мүмкін емес, - делінген ҚМГ таратқан хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы