Біздің жұмысымыз тек қоғамдық талапқа негізделу керек – Айдос Сарым

6 Қазан 2022, 15:51
1445
Бөлісу:
Біздің жұмысымыз тек қоғамдық талапқа негізделу керек – Айдос Сарым

Тұғырнамада еліміздің қоғамдық күшінің болашаққа деген көзқарасы, даму бағдарлары, ұстанымдары мен саяси мақсаттары қамтылған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Айдос Сарым айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол  бұл партия тарихында тұпнұсқасы қазақ тілінде бастан-аяқ жазылып шыққан құжат екенін айтты.

Ең алдымен бұл ширек ғасырға жуық тарихы бар партия тарихында тұпнұсқасы қазақ тілінде бастан-аяқ жазылып шыққан құжат. Құжаттың кіріспесінде «Біз қазақ тілін дамытуға, оны кеңінен қолданылуына бар күш-жігерімізді саламыз» деп тайға таңба басқандай жазылған. Тұғырнаманың тағы бір үлкен бір бағыты аманат деген қасиетті де қастерлі ұғымның не екенін түсіндіру., соны жұртқа жария ету. Біз айтып отырмыз, Біз Асанқайғының Жерұйығы мен әл-Фарабидің ізгі қоғам идеясын, Абайдың толық адам концепциясын, Шоқан Уәлиханов пен Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық миссиясын, Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш арыстарының ұлы мұраттарын үлгі-өнеге тұтамыз деп жазып отырмыз. Бұл партияның алдыңғы ұрпақтардан аманат етіп қабылдап, келешек ұрпақ алдында мойынан алған абыройлы да қастерлі міндеті, - деді депутат.

Сарым тұғырнама маңызды социологиялық зерттеу екенін айта кетт.

Жаңа тұғырнама ел аумағындағы барлық партияластың елегінен өткен, жан-жақты талқыланған құжат. Соңғы 6 айда аймақтарда жұмыс тобының бастамасымен өткен кездесулерде партияның бастауыш ұйымдарында, жиындарда тұғырнаманың көптеген бағыты талқыға салынды. Осы құжатта дайындау барысында біздің партияда елімізде болмаған үлкен социологиялық зерттеулер жасалды. Партияның 43 мың азаматы өзінің жауаптарын анкета арқылы берді. Бұл үлкен, маңызды социологиялық зерттеу деуге болады. Соның негізінде құрастырылған. Үлкен саяси құжат. Нәтижесінде әлеуметтік сауалнамаға еліміздің барлық аймағынан 43 мыңға жуық партия мүшесі қатысты. Олар мыңнан астам өз ұсыныстарын жолдады. Одан бөлек, елдегі көзі қарақты, ауызы дуалы сарапшы-мамандардың, саясаттанушылар мен қоғам белсенділерінің сүзгісінен өткізіліп, пікірлері назарға алынды, - деді  Айдос Сарым.

Ол тұғырнама леуметтік-экономикалық жағдайға қатысты ұстанымын білдіретін  құжат болмақ екенін айтты.

Саяси тұғырнама партияның қазіргі кездегі қоғамдық саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты ұстанымын білдіретін партияластарды ортақ ұйғарымға біріктіретін басты идеологиялық құжат болмақ. Біз мұны айқын түсініп отырмыз. Бұл заманда біздің жұмысымыз тек қана қоғамдық талапқа, қоғамнан қойылып жатқан мәселелерге негізделу керек екенін  айқын ұқтық. Осыған орай AMANAT партиясының бұдан кейінгі ұзақ мерзімді стратегиясы осы тұғырнамаға негізделіп құрылатын болады. Болашақтағы бізідің бағдарламаларымыз әрбір партияға мүше топтардың, страталардың қажеттіліктеріне, арман-мұратына негізделіп жасалатын болады. Бірақ бұл құжат негізгі идеологиялық платформамыз, - деді ол

 

Депутат Amanat партиясы елдегі жетекші саяси күш ретінде барлық өзгеріске жауапты күш. Тәуелсіздікті сақтауға бар күшін салып келе жатқан партия алдағы уақыта еріктілер қозғалысымен қайырылымдық мәдениетін дамыту  арқылы елімізідегі қоғам мен азаматтардың жауапкершілігін арттыратын болады деді.

Саяси тұғырнаманың құрылымы - адам, азаматтық қоғам және мемлекет деген ұғымдарға негізделген. Бұған дейінгі сүрлеу көшбасшылық моделінен саналы түрде бас тартып, елдің түпкір-түпкіріндегі қарапайым тұрғындардан құралған әртүрлі топтардан шыққан әрқилы пікір мен көзқарастардағы азаматтарды ортақ ұстанымға біріктірген, шын мәніндегі халықтық партияға айналуды көздейді. Халыққа берілген уәде, сайлаушылардың берген аманаты партия үшін орындалуы бұлжымас заңмен парапар. Аманатқа қиянат жоқ деген қазағымыз. Тірегіміз - тәуелсіздік, тілегіміз -әділет, бағдарымыз бірлік дейтін партия әділетті Қазақстанның мүддесіне жұмыс істейді деп анық айтуға болады, - деді саясаттанушы.

Өзгелердің жаңалығы