Жазушы, ғалым Тұрсын Жұртбай «Ұлттық идеология және ...» жобасында елімізде ғылым жоқ екенін ашына айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Біздің ғылым жүйесін жерге түсіру керек, жер бауырлату керек, жерді иіскету керек. Ең болмаса Қазақстанның топырағының иісі шығып тұру керек. Ғылым жоқ бізде. Егер сөзім өтірік десе, тыңдармандар да, өзің де (журналиске – ред.) қоғамтану саласындағы 5-10 диссертацияны әкеп беріңдерші. Интернеттен, қай порталдан, кімнен алып, басын құрап шығарып отырғанын сөзбе-сөз көрсетіп берейін, - деді ғалым.
Сондықтан Тұрсын Жұртбай докторлық диссертацияны оқымайтынын, ызасы келіп, құса болатынын айтып, ғылымды құртатын бір мәселеге тоқталды.
Ғылымды дамытамыз, жоба дейді. Жобаның ақшасы ұзын-ырғасы бесінші айдың 25-і мен алтыншы айда бекиді. Өйткені бюджет ауысып кетсе, ана ақша түспей қалады ғой. Бекітеді. Үш күннен кейін 1 шілде болады ғой, «алғашқы алты айлықтың есебін тапсыр» дейді. Жұмыс басталған жоқ. Ақша бөлінген жоқ. Үш күннен кейін кісі есеп сұрай ма? Қыркүйекте «енді жылдық есептеріңді тапсырыңдар, нәтижесін көрсетіңдер» дейді. Ей сонда қағаздан басқа мен не жазып үлгеремін, не зерттеп үлгеремін. Архивке бара алмасам, оны қорытып, аудару керек. Оған уақыт жоқ, - деді ол.
Ғалым өзінің профессор екенін атап, кез келген университетте ең қадірсіз адам профессор екенін жеткізді.
Сұхбаттың толық нұсқасын төменнен тамашалай аласыздар.