Біздің басты міндетіміз жастарымызға өз жолдарын табуға көмек көрсету

2 Қараша 2022, 19:47
843
Бөлісу:
Біздің басты міндетіміз жастарымызға  өз жолдарын табуға көмек көрсету
PHOTO

Бұл туралы Жеңіс Қасымбек өзінің  әлеуметтік парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгінде біздің облыста 14 пен 28 жас аралығындағы 200 мыңнан астам жас азамат тұрады. Бұл аймақ тұрғындарының жалпы санының 18,7% құрайды. Қазіргі уақытта біздің басты міндетіміз жастарымызға жұмыста, кәсіпкерлікте, қоғамдық қызметте өз жолдарын табуға көмек көрсету,- дейді ол.

Биыл біз «Жастар практикасы», «Бірінші жұмыс орны» жобалары арқылы 10 мың жас маманға жұмыс табуға көмектескенін айтып өтті.

Біздің басты міндетіміз жастарымызға  өз жолдарын табуға көмек көрсету

 Биылғы жылы бұл жобалардың мерзімдері және жалақы көлемі ұлғайды. Сондай-ақ «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы іске асырыла бастады. Бұл жоба шеңберінде зейнеткерлікке шығатын қызметкерлерге өз тәжірибесімен бөлісу үшін жас мамандар бекітіледі,- дейді Жеңіс Қасымбек.

Сондай-ақ ол 254 жас кәсіпкер бизнесті дамыту үшін гранттар алғанын, қалалар мен аудандар әкімдерінің тарапынан гранттарға тағы 292 млн теңге қаражат бөлінгенін айтты.

Біздің басты міндетіміз жастарымызға  өз жолдарын табуға көмек көрсету

Бүгінде аймақта NEET-жастарды жұмысқа орналастыруға ерекше назар аударылады. Автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы ресурстық орталықтармен бірлесіп жұмыссыз жастардың тізімі жасалды. Әр жаспен жекелей жұмыс жүргізіледі. Белгілі болғандай, көптеген жастар жұмысқа орналасудың жолдары мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабарсыз болып шықты. Мысалы, көптеген өндіріс орындары бос жұмыс орындарын ұсынады. Олардың қатарында «KamaTyresKZ» ЖШС, «KazTehna» ЖШС, «Энергожүйелер ЭЛТО» ЖШС бар,- деді ол.

 Сонымен қатар ол қазіргі уақытта жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспардың табысты іске асырылып жатқанын, нәтижесінде соңғы 2 жылда 352 пәтер берілгенін тілге тиек етті.

Біздің басты міндетіміз жастарымызға  өз жолдарын табуға көмек көрсету

Осы жылдан бастап «Отбасы банк» АҚ қолдауымен жас мамандарға арналған өңірлік ипотекалық бағдарлама іске қосылды. Қазірдің өзінде 7 әлеуметтік маңызы бар санат бойынша 75 ипотекалық қарыз иегері анықталды. Бұл жұмысты келесі жылы жалғастыратын боламыз,- дейді  Жеңіс Қасымбек.

Біздің басты міндетіміз жастарымызға  өз жолдарын табуға көмек көрсету
Өзгелердің жаңалығы