Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Бізді үлкенді құрметте деп тәрбиеледі". Депутат қазіргі жастардың тәрбиесіне алаңдаулы

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
2 Сәуір 2025, 14:20
670
Бөлісу:
 Мәжілістің баспасөз қызметі
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев Теміртауда қарияны ұрып-соққан балалардың әрекетін сынады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

TikTok сияқты әлеуметтік желілерден жастарымыз түрлі контенттерді көріп, түрлі жағдайларға душар болып жатыр. Өйткені бұл жағдайдың болғаны да ең алдымен тәрбиемен тікелей байланысты. Біз кішкентай кезімізде үлкендерді сыйлау, оларға құрмет көрсету, көмек қолын созу сияқты құндылықтарды үнемі айтып, тәрбиелейтін. Ал қазір әке-шеше осындай тәрбие жұмыстарын жүргізбей жатыр, - деп пікір білдірді депутат.

Қырықбаев айтқандай, қазір құзырлы органдар осы мәселемен айналысып жатыр. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаев Теміртауда қарияны ұрған балаларға қатысты пікір білдіргені туралы осыған дейін жазғанбыз.

Өзгелердің жаңалығы