"Бізді көре алмайтындар бар". Тұрлыханов тойда жүрген ұлына қатысты пікір білдірді

Бөлісу:
"Бізді көре алмайтындар бар". Тұрлыханов тойда жүрген ұлына қатысты пікір білдірді
Фото: ҰОК

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов ұлына қатысты жағдайға пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қай әке баласын жаман болсын деп тәрбиелейді?! Балам жақсы адам. Неге екенін білмеймін, баламның артынан аңдитындар бар сияқты. Жәй емес қой мұның барлығы. Ертеңгі күні ол балам жүйкесі тозып, ауру болып қалуы мүмкін. Оған кім жауапты болады?! Сондықтан айтқым келетіні, балам өте жақсы, тәрбиелі бала. Оған енді туған күнге баруға, достарымен араласуға болмай ма?! Осы дүние мені қатты ойландырады. Әрине, бізді көре алмайтындар бар. Қазақта ондай бар ғой. Мен бір мандатты округтан сайландым. Мен мандатымнан айырыламын ба, жоқ па, оны сайлаушылар ғана шеше алады. Бүгін мен абыроймен жұмыс істеп жатырмын. Бұл тараптан менің жұмысыма, әріптестеріме ешқандай сұрақ жоқ, - деді депутат.

Мәжілісмен қазіргі лауазымында еңбек сіңіріп жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ Дәулет Тұрлыханов баласы әлі жас екенін және қазір оған буллинг жасалып жатқанын айтты.

Балам 21-ден енді асқан ғой. Өмірді әлі көрмеген бала. Оның мүмкіндігін шектеп, бас бостандығынан не үшін айыруымыз керек? Кешкі сағат 8 жарымда әріптестерімен отырғаны үшін бе? Ол онда ішіп отырған жоқ. Оны бірден түрмеге қамайтын болса, ол – тәрбие емес. Оған күн сайын неше түрліні жазады. Біреу жақсы айтса, біреу жаман айтып жатыр. Балама жаным ашып жатыр. Балама қатты сөйлеп жүрген жоқпын. Бұл ұрысатын нәрсе емес, - деп айтты ол.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың сотталған ұлы Нұрасыл Болаттың тойда отырған видеосы тарап, елдің назарын аударған болатын. Естеріңізде болса, Нұрасыл Болат екі жылға бас бостандығынан шектелген еді.

Еске салсақ, ол ерлі-зайыпты заңгерлер Олег Чернов пен Анна Димитриевичті ұрып-соққан. 2023 жылғы ақпанның 10-ынан 11-іне қараған түні Алматыда болған.

Өзгелердің жаңалығы