Біз үшін денсаулық сақтау ардагерлерімен кездесу аса маңызды - Ғиният

14 Қаңтар 2023, 16:18
832
Бөлісу:
Біз үшін денсаулық сақтау ардагерлерімен кездесу аса маңызды - Ғиният
PHOTO

Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінде  ведомствосының басшысы Ажар Ғинияттың төрағалығымен «Денсаулық сақтауды дамыту және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасын іске асыру туралы» тақырыбында денсаулық сақтау жүйесінің ардагерлері кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Денсаулық сақтау ардагерлеріне арналған құттықтау сөзінде ведомство басшысы Денсаулық сақтау министрлігінің өткен жылғы жұмысының негізгі қорытындылары туралы айтып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттерді белгіледі. 

Өткен жыл қиын болды, бүкіл денсаулық сақтау жүйесі КВИ пандемиясымен екі жылдық күрестен кейін қалпына келді, елдің медицина қызметкерлері үлкен жұмыс атқарды. 2,5 жылда алғаш рет, 2022 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша халық денсаулығының көрсеткіштері жақсарды, өлім-жітім 30%-ға төмендеді, осылайша біз пандемияға дейінгі кезеңдегі халық денсаулығының барлық көрсеткіштеріне қол жеткіздік. Бүгінгі таңда денсаулық сақтау жүйесі толық көлемде жұмыс істеп қана қоймай, КВИ және ковидтен кейінгі кезеңнің асқынуларымен күресуде, жаңа технологиялар мен жобаларды енгізуде», - деп атап өтті кездесу басында Ажар Ғиният. 

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Мемлекет басшысының үлкен қолдауын, соның арқасында сайлауалды платформада «біздің барлық ауыр мәселелеріміз және осы мәселелерді шешу жолдары» белгіленгенін атап өтті.

Біз үшін денсаулық сақтау ардагерлерімен кездесу аса маңызды - Ғиният

 Технологияларды енгізу, инфрақұрылымды дамыту, кадрлық және техникалық қамтамасыз ету секілді саланың даму динамикасы нақты тәуелді болатын денсаулық сақтауды қаржыландырудың рөлін атап өтіп, министр әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тартымдылығын көрсетуге мүмкіндік беретін шараларға назар аударды. 

Бұдан әрі ол отырысқа қатысушыларды елімізде медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметін сақтандырудың жаңа нормаларын енгізу туралы хабардар етті. Осы заң жобасында, оның айтуынша, Қылмыстық кодекстің 317-бабын декриминализациялау бойынша жақсы нормалар бар, онда біз бас бостандығынан айыруды бас бостандығын шектеуге ауыстырамыз, айыппұл санкцияларын азайтамыз, сотқа дейінгі талқылауларды енгіземіз, алғаш рет медиация практикасын енгізу ұсынылады. 

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы ана мен бала денсаулығын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылатынын айтты. Осы қызметті жаңғырту мақсатында 11 заманауи перинаталдық орталық салынады. 

Біз үшін денсаулық сақтау ардагерлерімен кездесу аса маңызды - Ғиният

Сонымен қатар, министр балаларға онкологиялық көмекті қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде балаларға жаңа технологиялар мен дәрілік препараттардың көмегімен заманауи деңгейде медициналық көмек көрсете алатын Ұлттық балалар онкология және гематология орталығы құрылатын болады. 

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қадыр Омаров Денсаулық сақтау министрлігінің бастамаларына жан-жақты қолдау көрсетуге және ауыл халқының денсаулығын жақсарту жөніндегі жобаларды іске асыруға қатысуға дайын екенін айтты.

Біз үшін денсаулық сақтау ардагерлерімен кездесу аса маңызды - Ғиният

 Белгілі хирург, профессор, Жақсылық Досқалиев денсаулық сақтау саласындағы қойылған міндеттер төңірегінде күш-жігерді шоғырландыруға шақырды. Кейіннен сөз алған акушер-гинеколог, қоғам қайраткері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Нина Каюпова Министрліктің атқарған жұмысын атап өтіп, жаңа Қазақстанды құруда ұлттық стратегиялық міндет - халықтың жалпы санын көбейту болып қала беретінін еске салды, сондай-ақ босандыру қызметін жақсарту жөнінде ұсыныс енгізді. 

Медицина ғылымдарының докторы, профессор Анатолий Белоног санитариялық-эпидемиологиялық қызметті жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді, Серікбол Мусинов жас әріптестерді үйрету үшін денсаулық сақтау жүйесінде тәлімгерлік институтын қалпына келтіруді ұсынды. 

сақтау ардагерлерімен кездесу ашық достық алқалы форматта өтті, онда денсаулық сақтау жүйесін жақсарту бойынша пайдалы пікірлер мен ұсыныстар айтылды.

Өзгелердің жаңалығы