Біз тек ресми ақпаратқа сенуіміз керек – Әзімова 

17 Қаңтар 2022, 18:45
1329
Бөлісу:
Біз тек ресми ақпаратқа сенуіміз керек – Әзімова 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Азаматтардың көбі құжаттарынсыз денсаулық сақтау мекемелеріне түсті. Ең алдымен медициналық көмек көрсету мәселесі тұрды. Олардың құжаты мен туыстарына хабарлау екінші мәселеге айналды. Олардың жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған. Сондықтан жергілікті жерлердегі денсаулық сақтау ұйымдары мен ішкі істер органдары туысқандары мен қоғамдық ұйымдарға беруі қажет, - деді ол. 

Әзімова жекелеген ақпарат әлеуметтік желіде тарап жүргенін айтты.

Мұндай ақпараттың көбі сенімді әрі толық емес. Сондықтан біз ресми ақпаратқа сенуіміз керек. Тәртіпсіздіктің алғашқы күндерінен бастап, төтенше жағдай  енгізілгенге дейін ішкі істер органдарының қызметкерлері өлімге әкелмейтін қару-жарақ қолданды. Оны Ішкі істер министрлігі мен прокуратура бірнеше рет хабарлады. Қазір Ішкі істер министрлігінің барлық бөлімдерінде халықпен үздіксіз жұмыс істейтін мониторингтік топтар құрылды, - деді Эльвира Әзімова.

Өзгелердің жаңалығы